Басқа

Светлана Усова: Жартылай финалға өту үшін бізге сәл ғана уақыт жетпей қалды

Светлана Усова: Жартылай финалға өту үшін бізге сәл ғана уақыт жетпей қалды
news-banner7
mobile-news-top

Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан командасының мүшесі Светлана Усова Токио ойындарындағы өз нәтижесіне қатысты пікірін бөлісті, деп жазады Olympic.kz.

«Нәтижем көңілімнен шығады деп айта алмаймын. Өйткені, бұдан да жақсы көрсеткішті мақсат еткенбіз. Тәжірибе жетпегені, климатқа бейімделіп үлгермегеніміз әсерін тигізді.

Физикалық тұрғыдан дайындығымыз жоғары деңгейде болды. Ал моральдық тұрғыдан жарысқа дайындалу қиындау соқты. Екі жылдан бергі алғашқы ірі бәсеке болған соң, қобалжығанымызды жасырмаймын.

Жалпы, жартылай финалға және финалға өту үшін бізге аз ғана секунд жетпей қалды. Қарсыластарымызбен тең дәрежеде өнер көрсеттік деуге болады. Ірі турнирлерге көп қатыспағанымыз ғана байқалып тұрды. Мысалы, менде өзіме деген сенімсіздік пен қорқыныш бар. Осыны жеңе алмадым. Енді аздап демалып, өз өзіме келуге тырысамын. Алдағы ойындарға қатысатын ойым жоқ. Бірақ кім біледі, бұл өмірде бәрі де мүмкін...», - деді Усова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер