Басқа

Солтүстік Корея үш аптаға кешігіп, Токио Олимпиадасын көрсете бастады

Солтүстік Корея үш аптаға кешігіп, Токио Олимпиадасын көрсете бастады
news-banner7
mobile-news-top

Солтүстік Кореяның мемлекеттік телевизиясы Токио Олимпиадасын көрсетуді бастады. Телеарнасы жарысты 3 аптаға кешіктіріп көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

NK News мәліметінше, Корея орталық телевизиясы (KCTV) футболдан әйелдер арасындағы Ұлыбритания мен Чили матчының 70 минутын көрсеткен. Комментатор болмай, кадр сапасыз ұсынылған. Бұл кадрлар қайдан алынғаны белгісіз.

Бұл елде көрсетілген алғашқы трансляция болды. Солтүстік Кореяда спорт арнасы да бар, бірақ ол қарапайым халыққа қолжетімсіз. Халыққа интернетке кіруге немесе халықаралық телеарналар қарауға тыйым салынған.

Айта кетейік, Солтүстік Корея Токио Олимпиадасына қатыспаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер