Попко Прагадағы жарыстың 1/8 финалына өтті
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Прагада (Чехия) өтіп жатқан Challenger турнирінің 1/8 финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыстың бірінші айналымында Дмитрий ресейлік Алексай Ватунинді екі сетте жеңді. Есеп - 7:5, 6:1.
Теннисшілер кортта 1 сағат 21 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Попко 7 эйс жасады.
Келесі айналымда қазақстандық теннисші Кодат (АҚШ) - Оливейра (Португалия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или