Қазақстандық боксшы араға төрт жыл салып рингке оралады
Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық Бекман Сойлыбаев (12-0, 4 КО) келесі жекпе-жегін қашан және кіме қарсы өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Boxrec сайтына сілтеме жасап.
13 тамызда ол Дубайда (БАӘ) мексикалық Рамиро Сесенамен (13-0-1, 11 КО) жұдырықтасады. Екінші жатылай жеңіл салмақтағы кездесу сегіз раундқа жоспарланған.
Boxrec мәліметінше, Сойлыбаев кейінгі жекпе-жегін 2019 жылы 19 қазанда өткізген. Сол кездесуде ол мексикалық Фернандо Варгасты (34-15-3, 23 КО) төрешер шешімімен жеңген.
Фото instagram.com/bekman_soilybaev
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или