«Бұл матч артта қалды». Александр Москаленко - «Таразға» қарсы матч туралы

«Бұл матч артта қалды». Александр Москаленко - «Таразға» қарсы матч туралы

Қостанайлықтардың бас бапкері Александр Москаленко «Таразға» қарсы ойыннан соң пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 
– Кубок ойындарында күтпеген нәтижелер тіркеліп жатады. Мұндай жоғары деңгейдегі турнирдің келесі кезеңіне өту үшін тек жеңіске жету керек. Алғашқы 45 минутты біз сүреңсіз өткіздік. Шабуылды ұйымдастыру кезінде проблемалар туындатып алдық. Қорғаныста да, шабуылда да олқылықтар болды. Ойынның екінші бөлігінде команда мінез көрсетіп, қажетті ұпайға қол жеткіздік. Бұл матч артта қалды, енді алдағы сынақтарға дайындаламыз, - деді бас бапкер. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или