Басқа

«Нәтиже көңілден шықпады». Тимофей Емельянов Токио Олимпиадасындағы көрсеткішіне баға берді

«Нәтиже көңілден шықпады». Тимофей Емельянов Токио Олимпиадасындағы көрсеткішіне баға берді
news-banner7
mobile-news-top

Токиода өткен Олимпиада ойындарында каноэмен есуден жұптық сында Сергей және Тимофей Емельяновтар ел намысын қорғады. Olympic.kz сайтына сұхбат берген Тимофей күншығыс еліндегі доданы қорытындылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Өз нәтижеміз көңілден шыққан жоқ. Інім екеуміз жақсы көрсеткіштен үмітті едік. Уақыт жағынан өзіміздің жеке рекордымызды жаңартсақ да, үздіктерге жету әлі қиын. Бұл бәсекеге біз физикалық тұрғыдан жақсы дайындықпен келдім.

Қандай да қиындықтар, жарақаттар болған жоқ. Психологиялық жағынан да ауыртпалық болған емес. Өйткені, жарысқа дейін қобалжу қатты сезілмеді. Бірақ турнир біткен соң көпке дейін өзімізге келе алмадық. Әрине, біз сияқты шымкенттік жігіттер үшін Токиодағы ауа райы айтарылқтай қиын емес. Каналда жүргенде жел қатты соқты, бірақ бұл бәрімізге ортақ жағдай еді.

Нәтиже көңілден шықпады. Бірақ біз бар күшімізді салдық. Көшбасшылармен арадағы айырмашылықты көргенде, сенің әлеуетің төмен екені байқалады.

Париж Олимпиадасында біздің бағдарламамыз өзгереді. Екі адамдық каноэден 1000 метрді алып тастап, 500 метрді қосады. Әзірге, келесі ойын туралы ештеңе айта алмаймын. Біраз демалған соң шешім қабылдаймыз», - деді Тимофей.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер