Who is next? Генаның қарсыласы әлі белгісіз

Кәсіпқой бокстағы мақтанышымыз Геннадий Головкиннің кезекті жекпе-жегі мамырдың 16-на жоспарланған. Промоутер Том Леффлердің айтуынша кездесу Лос-Анджелесте өтеді. «Барлық жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған жерлесіміздің кезекті қарсыласы кім атануы мүмкін?» деген сұраққа «PROСПОРТ» тілшісі жауап іздеді.

Геннадий жоспар бойынша 2015 жылы төрт жекпе-жек өткізуі тиіс. Оның алғашқысы жеңіспен аяқталды. Соңғы кездесуде отандасымызды жаңа қырынан танығандай болдық. Себебі Гена бұған дейін 11 раунд жұдырықтаспаған. Екінші жекпе-жектің нақты күні белгілі болғанымен қарсыластың есімі әлі белгісіз. Дегенмен, қарсылық танытамын деуші үміткерлер да баршылық. Солардың бірқатарына шолу жасасақ.

1. Кіші Хулио Сезар Чавес

Мексикалық боксшы орта салмақ бойынша әлемнің экс-чемпионы. 50 жекпе-жегінің 48-ін жеңіспен аяқтаса, бір рет қана жеңіліс тапқан. Бір кездесуі тең аяқталды. Накауттарының саны – 32.

Геннадий кіші-Чавеспен былтырғы жылы кездесу керек болған. Бірақ екі жақтың келісе алмауы салдарынан матч өтпеді. Чавес ашық жекпе-жекті қаламайтын боксшы. Қорғанысқа ден қойып, қарсыласын аңдып бағады. Қарсыласы бір қателессе, орайлы сәтті ұтымды пайдаланады. Жемтігін аңдыған жыртқыш тәрізді рингті шыр айнала, өзіне берілетін мүмкіндікті күтеді.

Головкиннің Мюрреймен жекпе-жегін көрген кіші Чавес журналистерге сұхбатында былай деді: «Мюрреймен жекпе-жегінде мен қарсыластарын жер жастандыратын Головкинді көргім келді. Бірақ одан Пакьяоның жылдамдығын да, Мейвезердің қорғанысын да көрмедім. Ешқандай шеберлік танытпады. Оның жақсы боксшы екеніне күмәнім жоқ. Мінезді, мықты жігіт. Бірақ жекпе-жегінен ешқандай артықшылық байқамадым».

Кіші Чавес пен Геннадий Головкин 2011 жылы өзара спарринг өткізген болатын. Генаның бұл спаррингте жеңіске лайық болғанын байқаймыз.

2. Кіші Вилли Монро

«Boxcino 2014» турнирінің орта салмақтағы жеңімпазы. Кәсіби бокста 20 кездесу өткізген. 19-ы жеңіспен аяқталып, бір рет жеңіліс тапқан. Алты қарсыласын нокаудқа түсірген. Абель Санчестің қарсыластар тізімінде осы боксшы да бар. Американдық былғары қолғап шеберін жерлесімізге лайықты қарсылас деп санамаймыз. Физикалық тұрғыда мықты болғанменен, жылдам қаймығатын әдеті бар. Жекпе-жек барысында қорғанысты да жиі ұмытады.

Боксшы «Твиттердегі» жеке парақшасына: «Геннадийдің мамырда өтетін жекпе-жегінде қарсылас атануы мүмкін бокышылардың бірі менмін. Кез келген жағдайға дайынмын», деп жазыпты.

3. Мигель Котто

WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпион пуэрторикалық боксшы Мигель Котто кәсіби рингте 43 жекпе-жек өткізген. 39 рет жеңіске жетіп, төрт ұтылған. 32 мәрте қарсыластарын нокаудпен сұлатқан.

Біраз уақыт бұрын Бүкіләлемдік бокс Одағы (WBC) Коттоға чемпиондық атақтарын қорғау үшін Головкинмен кездесу өткізуін талап етті. Бірақ ол рингке маусымда ғана оралатын болғандықтан, ол істі міндетті деп есептемеді.

«ESPN» телеарнасына берген сұхбатында Мигель: «GGG өз жұмысын жалғастыра беру керек. Қазір ол не істегісі келсе, соны істей алады. Менің карьерам оған байланып қалған жоқ. Қаласам Геннадиймен жекпе-жекке шығамын. Маған бұл керек емес деп шешсем кездесу болмайды! Ал егер чемпиондық белбеу қатты керек болса, алып кетсін!», - деген.

Котто чемпиондық титулдың иегері және атына заты сай боксшы. Күшін 12 кезеңге жеткізе біледі. Физикалық тұрғыда мықты. Әлсіз тұсы - ашық айқаста көп соққы жібереді.

4. Туреано Джонсон

Багам аралдарынан шыққан боксшы 18 жекпе-жек өткізіп үлгерген. 17-сі жеңіспен, біреуі жеңіліспен аяқталды. 12 рет кездесуді уақытынан ерте бітірген. Әуесқой деңгейде шамамен 300 рет рингке шыққан.

Бізге жұмбақ жігіт Туреано Головкин туралы былай деген: «Геннадийді мен сыйлаймын. Өзіне тиесілісін алып, ешкімнен жеңілмеді. Біразын ауыр соққылармен сұлатты. Менен басқа оған лайықты қарсылық танытып, жеңе алатын ешкім жоқ деп ойлаймын».

Туреана Джонсон соңғы жекпе-жегінде Генаның бұрынғы қарсыласы Кертис Стивенстен жеңіліс тапты. Сонымен қатар, әуесқой рингте Қанат Исламмен де жолыққан екен.

5. Хейланд

Аргентиналық боксшы 31 жекпе-жек өткізген. 25 рет жеңіске жетіп, төрт мәрте жеңілістің ащы дәмін татты. Накауттарының саны – 13.

Соңғы кездесудегі қарсыласы - Мэттью Маклин болды. 10-шы раундта ирландтықты нокаудқа түсіріп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтаған. Шапшаңдығы керемет, соққылары жойқын, өзі жылдам. Әлсіз тұсы – 12 раундқа әрең шыдайды.

Генамен жұдырықтасуға ниет танытып жатқан басқа да боксшылар бар. Бірақ отандасымызға пайдалысы жоғары дәрежелі былғары қолғап шеберлерімен қолғап түйістіру. GGG мықтылардан жинаған тәжірибесі арқылы одан да биіктей түспек. 16-шы мамыр күні өтетін кезекті жекпе-жегінде Геннадий Головкинге сәттілік тілейміз!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или