«Ақтөбе» аңыздарының бірі клубқа оралды
Петр Бадло «Ақтөбе» ФК бас бапкерінің көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бадло – «ақ-қызылдардың» аты аңызға айналған ойыншыларының бірі. Ол көптеген жыл бойы «Ақтөбе» сапында ойнап, клубтың дәуірі дүрілдеп тұрған кезде беделді ойыншылардың бірі болды. Капитандық міндетін де лайықты атқарған ол "Қобыланды батырға" ойыншы ретінде соңғы рет 2014 жылдың соңында шыққан болатын.
Петр Бадло «Ақтөбе» құрамында 8 жылдың ішінде 4 рет Қазақстан чемпионы, 2 рет күміс жүлдегер, 3 рет қола жүлдегер атанды. Бір рет ҚР Кубогін жеңіп, 3 рет Суперкубок иегері және Достастық Кубогінің күміс жүлдегері атанды.
2018-19 жылы да Бадло «Ақтөбе» футбол клубында Владимир Мухановтың көмекшісі қызметін атқарған болатын.