Қайсанов өзбек балуанына жол берді. Қоржынға сегізінші медаль түспеді
Қазақстандық балуан Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасының қола жүлдесін жеңе алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
74 келіге дейінгі салмақта Қайсанов қола жүлде үшін өзбекстандық Бекзод Абдурахмоновпен белдескен. Бірақ кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Өзбек балуаны Қайсановты 12:2 есебімен сенімді жеңді.
Данияр Қайсанов бұған дейін жартылай финалда ресейлік Заурбек Сидаковқа 0:11 есебімен есе жіберген. Оның алдында мысырлық Амр Реда Хуссен мен жапониялық Кейсуке Отогуроны жеңген болатын.
Осылайша, Қазақстан қоржынына сегізінші қола медаль түспей қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или