«Шахтер» сырт алаңда «Колоспен» тең тарқасты

«Шахтер» сырт алаңда «Колоспен» тең тарқасты

Конференция лигасы 3-іріктеу кезеңіндегі украиналық «Колос» пен қарағандылық «Шахтер» арасындағы ойын тең аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы ойын Ковалевкада өтті. Бұл кездесудің бірінші таймында қарағандылық клуб есеп ашатын бірнеше мүмкіндікке ие болды, бірақ пайдалана алмады. Ал үзілістен кейін көбіне алаң иелері белсенді болды. 

Бірақ командалар 90 минут бойы есеп аша алмады. Сондықтан бәрі 10 тамызда Нұр-Сұлтанда өтетін қарымта матчта шешіледі. 

Конференция лигасы. 3-іріктеу кезеңі. Бірінші матч.

«Колос» (Ковалевка, Украина) – «Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) – 0:0

Алаңнан қуылды: Атанаскоски 76, «Шахтер»

Төреші: Кьерсгор-Андерсен (Дания)

5 тамыз. Ковалевка. «Колос» стадионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или