«Астана» Финляндияда тең есепті жұлып алды
Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі КуПС пен «Астана» матчы тең есеппен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы матч Финляндияда өтті. Бірінші таймда қонақтар белсенді болғанымен, командалар есеп аша алмады. Ал екінші таймның басында Аньекпено Удо елордалық футболшылардың қателіген кейін гол соқты.
Астаналық команда тек матчтың соңғы секундтарында таразы басын теңестіре алды. Энео Битри есепті тең қылды - 1:1.
Енді бұл жұптың жеңімпазы 12 тамызда Нұр-Сұлтанда шешіледі.
Конференция лигасы. 3-іріктеу кезеңі. 1-матч
КуПС (Куопио, Финляндия) – «Астана» (Нұр-Сүлтан, Қазақстан) – 1:1 (0:0)
Голдар: Удо 54 (1:0), Битри 90+4 (1:1)
Төреші: Жаккоттэ (Швейцария)
5 тамыз. Хельсинки. «Олимпиастадион».
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или