Дархан Асәділов: Алтын болмаса да, елім «қоланы» қабыл алса екен

Дархан Асәділов: Алтын болмаса да, елім «қоланы» қабыл алса екен

Қазақстандық каратеші Дархан Асәділов Токио Олимпиадасында қола жүлде алып, ел қоржынын тағы бір медальмен толықтырды. 

– Қоланы қанағат тұтпаймыз. Өйткені елге алтын керек еді. Соны алу үшін жұмыс жасадық. Бірақ кішкене жетпеді. Сол үшін бәрінен кешірім сұраймын.

– Тобыңда бәрін сенімді жеңдің. Жартылай финалда не болды?

– Бұған дейін француз спортшысымен кездеспедім. Ол жоғары салмақтан ауысып келген. Мен 60 келіден ауыстым, ол 72 келіден төмен түсті. Жоғары салмақтағы спортшылардың бойы да, аяғы да ұзын. 

– Тактикадан қателестіңіз бе?

– Француз спортшысы тактикасын өзгертті. Ол біз ойлағандай төбелескен жоқ.

– Жоспарыңыз қандай?

– Үйге қайтқан соң демаламын. Жарақаттарымды емдеймін. Биыл жарыстар көп. Азия мен әлем чемпионаты бар. Әзірге мансабымды аяқтау туралы ой жоқ. Бірақ мықты жастар келсе орнымды беруге дайынмын.

Олимпиадаға 100% дайын боп келдім. Жарақатыма қарамастан тыңғылықты дайындылық.

– Жүлдеңізді кімге арнайсыз?

– Әрине, еліме, отбасыма. 

– Марапаттау рәсімінде көз жасына ерік бердіңіз. Бұл жүлде алдым деген қуаныштың көз жасы ма әлде, әттең, алтын алмадым деген өкініштен бе?

– Алтын ала алмағаным үшін күйінгеннен. Алтын болмаса да елім қоланы қабыл алса екен. 

– Каратеден Олимпиадада жүлде алып, атыңызды тарихта алтын әріппен жазып қалдырғаныңыз анық. Артыңыздан еріп келе жатқан ізбасарларыңызға қандай тілегіңіз бар?

– Өмірде ел үшін бәрін беру керек. Бәрінің мақсаты сол болу керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или
реклама
реклама
реклама
реклама