Еурокубокта «Тобылмен» жолығуы мүмкін команда қатарына Джо Хартты қосты

Еурокубокта «Тобылмен» жолығуы мүмкін команда қатарына Джо Хартты қосты

Ағылшын қақпашысы Джо Харт шотландиялық «Селтикке» ауысты. Бұл туралы «кельттердің» баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

34 жастағы қақпашымен келісімшарт 2024 жылдың жазына дейін есептелген. Сонымен қатар, «Селтик» «Кристал Пэлас» жартылай қорғаушысы Джеймс Маккартидің ауысқанын хабарлады. Ол клубпен төрт жылдық келісімшартқа отырды.

Еске салайық, Харт «Манчестер Ситиде» 2007-2016 жылдар аралығында ойнаған. Қақпашы өткен маусымды «Тоттенхэмде» өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или