Басқа

«Еркін күрес балуаны сынға түседі, Қоңқабаев финал жолдамасын сарапқа салады». 4 тамызда кімдер жарыс жолына шығады

«Еркін күрес балуаны сынға түседі, Қоңқабаев финал жолдамасын сарапқа салады». 4 тамызда кімдер жарыс жолына шығады
news-banner7
mobile-news-top

Токио Олимпиада ойындарының он екінші күнінде бес қазақстандық спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еркін күрестен Нұрислам Санаев бозкілемге шығады. Алғашқы белдесуде Гвинея-Бисау елінің спортшысы Диамантино Юна Фафемен кездеседі.

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ауыр салмақта америкалық Ричард Торреспен жұдырықтасады. Бүгін Сәкен Бибосынв жартылай финалға шықса, Закир Сафиуллин ширек финалда сүрінді.

Байдарка мен каноэда есуден жарыс жолына жекелей сында Маргарита Торлопова мен Наталья Сергеева шығады.

Сондай ақ, велотректен спринттік жарыста Сергей Пономарев іріктеу кезеңінен өту тырысады.

4 тамызға арналған жарыс кестесі

07:12 Байдарка мен каноэда есу. Әйелдер. Жекелей сын. 200 метр
Маргарита Торлопова

07:47. Байдарка мен каноэда есу. Әйелдер. Жекелей сын. 500 метр

Наталья Сергеева

08:30 Еркін күрес. Ерлер. 1/8 финал
57 келі. Нұрислам Санаев — Диамантино Юна Фафе (Гвинея-Бисау)

12:18 Бокс. Ерлер. Жартылай финал
+91 кг. Қамшыбек Қоңқабаев — Ричард Торрес (АҚШ)

12:30 Велотрек. Ерлер. Спринт. Іріктеу
Сергей Пономарев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер