Сафиуллин Олимпиада ойындарының жартылай финалына шыға алмады

Сафиуллин Олимпиада ойындарының жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады, деп жазады Рrosports.kz.

63 келі салмақта жұдырықтасқан жерлесіміз ширек финалда аустралиялық Гарри Гарсайдтан жеңілді.

Жекпе-жек 3:2 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. 

Айта кетейік, Токиода сегіз салмақта сынға түскен Қазақстан құрамасынан бұған дейін екі боксшы жартылай финалға өткен болатын. Олар команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или