Токио -2020: Олимпиадада бокстан алғашқы чемпион анықталды
Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан турнирдегі алғашқы чемпион анықталды, - деп хабарлайды Рrosports.kz.
Жапон былғары қолғап шебері Сэна Ириэ 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда филиппиндік Нести Петесиодан басым түсті.
Қола жүлдеге итальяндық Ирма Теста мен британдық Каррис Артингсталл ие болды.
Әйелдер боксынан Қазақстан атынан Олимпиадада тек бір спортшы жұдырықтасты. 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Надежда Рябец бірінші жекпе -жекте жеңіліп, медальдар үшін күрестен шығып қалды.
Бүгін, 3 тамызда бокстан ерлер арасындағы Токио Олимпиадасының алғашқы чемпионы анықталады. 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде британдық Пэт Маккормак пен кубалық Рониэль Иглесиас алтынға таласады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или