Конференция лигасы: Қазақстандық клубтардың плей-офф кезеңіндегі қарсыластары анықталды
Швейцарияның Ньон қаласында Конференция лигасы іріктеу кезеңінің соңғы айналыма (плей-офф кезеңі) арналған жеребе тарту рәсімі өтті, деп жазады Prosports.kz.
Алғаш рет ұйымдастырылған Конференция лигасында еліміз атынан үш команда бақ сынап жатыр. Олар: «Астана», «Тобыл» және «Шахтер».
Үш командамыз да екінші іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті. Үшінші айналымда «Астана» финляндиялық КуПС, «Тобыл» словакиялық «Жилина», ал «Шахтер» украиналық «Колос» командасымен кездеседі.
Егер командаларымыз плей-офф кезеңіне сәтті өтсе, мына командалармен кездеседі:
«Астана» - «Унион» (Германия)
«Тобыл» - «Яблонец» (Чехия) / «Селтик» (Шотландия) жұбында жеңілген командамен
«Шахтер» - «Спартак» Трнава (Словакия) / «Маккаби» Тель-Авив (Израиль) жұбының жеңімпазы.
Егер «Қайрат» Еуропа лигасының үшінші ірктеу кезеңінде арманиялық «Алашкерттен» жеңілсе, Конференция лигасының плей-офф кезеңінде «Линфилд» (Солтүстік Ирландия) / «Фола» (Люксембург) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, плей-офф кезеңіндегі ойындар 19 және 26 тамызда өтеді.