Еуропа лигасы: «Қайрат» плей-офф кезеңіне өтсе, кіммен кездеседі

Еуропа лигасы: «Қайрат» плей-офф кезеңіне өтсе, кіммен кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің соңғы айналыма (плей-офф кезеңі) арналған жеребе тарту рәсімі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Еуропа лигасының іріктеуіне биыл еліміз атынан алматылық «Қайрат» қатысады (Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде жеңіліп қалды).

«Қайрат» Еуропа лигасының үшінші ірктеу кезеңінде арманиялық «Алашкерттен» өтсе, плей-оффта «Мальмё» (Швеция) - «Рейнджерс» (Шотландия) жұбында жеңілген командамен кездеседі.

Егер «Қайрат» қос ойынның қорытындысы бойынша «Алашкерт» командасынан жеңілсе, Конференция лигасының плей-офф кезеңінде бақ сынайды.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Алашкерт» арасындағы алғашқы матч 5 тамызда Алматыда, ал қарымта ойын 12 тамызда Арменияда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер