«Атырау» «Тараздан» жеңісті жұлып алды

Премьер-лиганың екінші турында «Атырау» өз алаңында «Таразды» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Ойынның алғашқы голы 6-шы минутта соғылды. Тимур Досмағамбетовтың алыстан бағыттаған соққысы қақпа бағанасынан серпілген сәтте допқа бірінші болып Иован Голич жетіп, командасын алға шығарды. «Атырау» сапынан 27-минутта Милош Трифунович есепті теңістірді.

Екінші тайм алма-кезек шабуылдармен өтті. Ойынның аяқталуына бір минут қалғанда «Атырау» жеңісті жұлып әкетті. Мақсат Байжанов айып соққысын мінсіз орындап командасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп - 2:1.

«Атырау» - «Тараз» 2-1 (1-1)

Голдар: 0:1 – Голич 6, 1:1 – Трифунович 27, 2:1 – Байжанов 89

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или