Нұр-Сұлтанда қатарынан екінші жыл ATP турнирі өтеді

Нұр-Сұлтанда қатарынан екінші жыл ATP турнирі өтеді

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында елордада өтетін турнир туралы айтты.    

Оның сөзінше, биыл Нұр-Сұлтанда ATP 250 сериясындағы турнир өтеді. Болжамды уақыты - 20 қыркүйек. ATP-мен ауызша келісім бар. Оған Бублик, Кукушкин, Голубев, Недовесов секілді қазақстандық теннисшілер қатысады.

Еске салайық, былтыр күзде Нұр-Сұлтанда алғаш рет осындай турнир өткен болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или