Грек-рим күресі

Демеу Жадыраевтың Олимпиададағы алғашқы қарсыласы анықталды

Демеу Жадыраевтың Олимпиададағы алғашқы қарсыласы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жеребесі тартылды.

Ертең, 2 тамыз күні грек-рим күресінен 77 келі және 97 келіге дейінгі салмақтарда, ал әйелдер күресінен 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі балуандар арасында өзара мықтылар анықталады.

77 келіде Қазақстан сапынан Демеу Жадыраев сынға түседі. Жеребе нәтижесі бойынша ол алғашқы айналымда жапониялық Сохей Ябикумен белдеседі.

Айта кетелік, бүгін бозкілемге шыққан Мейрамбек Айнағұлов Токио Олимпиадасының бірінші кезеңінде ұтылды. Ол қырғызстандық Жоламан Шаршенбековке есе жіберді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер