Ахмедов жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Ахмедов жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Ахмедов 31 шілдеде Альбукеркеде (Нью-Мексико, АҚШ) жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы 36 жастағы перулік Давид Сегарра болады. Отандасымыз таңертең шамамен сағат 7:00 рингке шығады, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Бұл жекпе -жекті тікелей эфирде мына сілтеме бойынша көруге болады.

Айта кетейік, Сегарра кәсіпқой бокс мансабында 34 рет жеңіске жеткен, оның 21-ін нокаутпен ұтып, бес рет жеңілген.

Ахмедов кейінгі жекпе-жегінде 12-раундта эквадорлық Карлос Гонгорадан (20-0, 15 КО) нокаутқа түсіп, орта салмақта IBO белбеуін жеңе алмады. Бұл жеңілу оның мансабындағы алғашқысы. Оған дейін отандасымыз 16 жекпе -жегінің барлығында жеңіске жеткен. Оның 12 -сін мерзімінен бұрын ұтқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или