«Ақтөбе» футболшылары Қызылордаға пойызбен барды

«Ақтөбе» футболшылары Қызылордаға пойызбен барды

«Ақ-қызылдар» кеше пойызбен көршілес облысқа аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін оңтүстік өңірге жеткен командамызды алдағы ойынға бас бапкердің міндетін атқарушы Мұхтар Ерімбетов баптап шығарады. Кешкісін «Ақтөбе» жергілікті алаңда матч алдындағы жаттығуын өткізеді деп жоспарланған», - деді клуб қызметкерлері. 

«Қайсарға» қарсы кездесуге жарақаттарына байланысты Тонго Думбия, Эрвейн Мукам және Дінмұхамед Қашкен қатыса алмайды. Рамазан Оразов та сары қағаз көптігі себебінен кубоктік ойынды өткізуге мәжбүр.

Еске сала кетейік, ертең футболдан Қазақстан кубогының 4-турында «Ақтөбе» сырт алаңда «Қайсармен» шеберлік байқасады. Кездесудің басталу уақыты — елорда уақытымен 22:00-де.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или