Иван Дычко АҚШ -қа оралып, жаттығуды қайта бастады

Иван Дычко АҚШ -қа оралып, жаттығуды қайта бастады

Кәсіпқой рингте бірде-бір рет жеңілмеген ауыр салмақтағы Қазақстан чемпионы Иван Дычко (10-0, 10 КО) АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынына қайта оралып, келесі жекпе-жектерге дайындықты бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен Майамиге оралдым. Залда досым Кристиан Тунды көргеніме қуаныштымын. Мен жұмыс істеуге дайынмын. Сәттілік жігіттер», - деп жазды спортшы  Instagram парақшасында.

10 шілдеде Иван Дычко Алматыдағы бокс кешінде ресейлік Денис Бахтовты (39-19, 26 КО) бірінші раундта нокаутқа жіберді. Бұл жекпе -жекке дейін қазақстандық екі жылға жуық рингке шықпаған. Ал, 2019 жылдың 12 шілдесінде Голливудта (Флорида, АҚШ) ол екінші раундта америкалық Нейт Хейвенді (9-3, 7 КО) жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или