Головкин жақында жекпе-жек өткізетін қазақстандық боксшыны қолдады

Головкин жақында жекпе-жек өткізетін қазақстандық боксшыны қолдады

Промоутер Том Леффлер қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) жерлесі Али Ахмедовты (16-1, 12 КО) келесі жекпе-жегінде қолдауға келгенін айтты, - деп хабарлайды Рrosports.kz.

<br />«Головкинді спорт залында Әли Ахмедовты қолдайтынын көру өте жақсы. Әли осы сенбіде жекпе-жек өткізу үшін, бүгін Альбукеркеге кетіп барады», - деп жазды Леффлер Twitter-де.

<br />Айта кетейік, Ахмедов 31 шілдеде Альбукеркеде (Нью-Мексико, АҚШ) жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы 36 жастағы перулік Давид Зегарра болады. Ол кәсіпқой бокс мансабында 34 рет жеңіске жеткен, оның 21-ін нокаутпен ұтып, бес рет жеңілген.

Ахмедов кейінгі жекпе-жегінде 12-раундта эквадорлық Карлос Гонгорадан (20-0, 15 КО) нокаутқа түсіп, орта салмақта IBO белбеуін жеңе алмады. Бұл жеңілу оның мансабындағы алғашқысы. Оған дейін отандасымыз 16 жекпе -жегінің барлығында жеңіске жеткен. Оның 12 -сін мерзімінен бұрын ұтқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или