Токио Олимпиадасында Өзбекстанның медальдан үмітті боксшысы жеңілді
Токиодағы Олимпиада Өзбекстан ұлттық құрамасының тағы бір боксшысы жеңілді, деп хабарлайды Рrosports.kz.
2019 және 2021 жылдары Азия чемпионы атанған Бобо-Усмон Батуров ширек финалда сүрінді. Ол британдық Пэт МакКормактан 1:4 есебімен ұтылды.
69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін 26 жастағы Батуров 2018 жылы Азия ойындарының жеңімпазы атанып, 2019 жылы Әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алған.
Еске салайық, 2020 жылғы Олимпиадада Өзбекстан мен Қазақстан боксшыдларының басым бөлігі жеңіліп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или