Ольга Рыпакованың Олимпиададағы ойынын қайдан көруге болады?

Ольга Рыпакованың Олимпиададағы ойынын қайдан көруге болады?

Бүгін, 30 шілдеде отандасымыз Ольга Рыпакова Токиодағы Олимпиада ойындарында үш қарғып секіруден бақ сынайды, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Сондай -ақ, бағдарламаның бұл түрінде тағы екі қазақстандық –  Ирина Эктова мен Мария Овчинникова өнер көрсетеді

Бұл ойындарды Qazaqstan ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 16: 05-те. Трансляция арнаның ресми сайтында қолжетімді.

Еске сала кетейік, бүгін Владислав Яковлев Олимпиададағы ескек есуден жарысты аяқтады, ол жұбаныш финалында бірінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или