«Өрескел қателігім». Рыбакина - жартылай финалдағы жеңілісі туралы

«Өрескел қателігім». Рыбакина - жартылай финалдағы жеңілісі туралы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының қола жүлдесіне таласады. Жартылай финалда ол үш сет қорытындысы бойынша швейцариялық Белинда Бенчичке есе жіберді. Olympic.kz сайтына сұхбат берген Елена ойынды қорытындылап, кездесудегі басты қиындықтарды атап өтті. 

Айта кетелік, бірінші сетте Елена Рыбакина 5:2 есебімен алда тұрып, 6:7 (2:7) есебімен тай-брейкте ұтылып қалды. 

Екінші сетте қазақстандық спортшы мінез көрсетіп, 6:4 есебімен таразы басын теңестірді. Соңғы сетте 3:6 есебімен ұтылғанына қарамастан, Рыбакина финалға бергісіз керемет ойын көрсетті.

«Мәселе үшінші сетте емес. Мен бірінші сетте жеңуім керек еді. Маған жеңіс үшін аз ғана нәрсе жетпей қалды. Нәтижесінде, физикалық тұрғыдан тай-брейкке төтеп беру мүмкін болмады. Кешегі матчтан кейінгі шаршау да бар, бәрі әсер етті.

Жеңіліп жатып, жеңіп кету – Белинданың стилі. Ол бірінші сетте жаман ойнаған жоқ, бірақ, мен әлде де қысым көрсетуім керек еді. Үшінші сет қиы өтті. 

Ең басты қиындық не? Әрине, үшінші сеттің ауыр өткені. Сондай-ақ, психологиялық тұрғыдан оңай болмады. Бірақ ең үлкен проблема – бірінші сетті қарсыласқа бергенім. Мен тез ойнаймын, сондықтан, матч ұзаққа созылған сайын ойынға кірігу қиындай бастайды. Бірінші сет менің өрескел қателігім.

Үшінші орын үшін матч өткіземіз. Әдетте, біздегі турнирлерде жеңіліп қалсаң, жарыстан сол бойда шығасың. Енді бір күн демалып, қалпыма келіп, бабыма енуге тырысамын», - дейді Рыбакина. 

ФОТО: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или