«Көктемгі Элитстрой кубогі» Шымбұлақта

Көктемнің шуақты мерекесі халықаралық әйелдер күнінде Алматыда күн бұлттанып, жаңбыр жауды. Бірақ Іле-Алатауындағы «Шымбұлақ» шипажайында қыстың қаһары кете қоймаған. Мұнда әуесқойлар арасында таушаңғысымен төмен сырғану жарыстарынан «Көктемгі Элитстрой кубогі» жалауын желбіретті.

Турнир «Элитстрой» компаниясының қолдауымен өтті. Әртүрлі жас санатындағы қатысушылар белестерді бағындыруға тырсты. Тұманды есепке алмағанда, ауа-райы спортшылар үшін қолайлы еді.

«Көктемгі Элитстрой кубогінің» мақсаты - Алматы жұртшылығын осы спорт түріне көптеп тарту. Тау шаңғы ойындарын көрген тұрғындар осы сайысқа қатысуға ниеттерін танытары анық.

Ерлер мен әйелдер арасында әр санаттан он марапат ұсынылды. Қысқы спорт түрлерімен енді ғана танысып жатқан 6-8 жас аралығындағы балалардан 50-ден асқан спортшыларға дейін қатысты. Үздік атанған қатысушылар диплом, медаль, кубок және естелік сыйлықтармен марпатталды. Турнирге жалпы саны 50-ге жуық адам қатысты.

- Бүгін барлығы да жоғары дәрежеде ұйымдастырылды, - дейді жарысқа қатысушылардың бірі, «Элит Дом Сервис» компаниясының президенті Дмитрий Леонов, - Жол жақсы дайындалған. Тау-шаңғы спорты үшін ауа-райының шуақты болуы маңызды емес. Бастысы – қызықты өтуінде. Біраз адам қатысты, бұл қуантарлық жайт. Осы спорт түрі елімізде қарқынды дамып келе жатыр, сол себепті біз үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізе аламыз. Өз басым демалыс күндері отбасыммен «Шымбұлаққа», «Ақбұлаққа» барып тұруға тырысамын. «Элитсрой» компаниясына және осы турнирді ұйымдастыруға белсене ат салысқан басшылыққа жеке алғысымды білдіргім келеді. Бүгін мейрамға қарамастан, уақыт тауып келіп, күш-жігерін аямаған сайыскерлердің көп болғаны қуантады.

Турнирдің ұйымдастырушысы Бекзат Сарманов сайысқа қатысушылардың қатарынан табылып қана қоймай, ерлер сапынан өз категориясында екінші орын иеленді. Марапаттау салтанаты аяқталған соң қатысушыларға өз сөзін жолдады: «Бүгін барлық нәзік жандыларды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Сонымен қатар, мерекеге қарамастан, уақыт тауып келіп отырған аруларға алғысымды білдіремін. Қатысушылардың бәріне де рахмет айтамын!».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или