«Қарсылас жерінде ойнағанымыз әсер етті». Шведова Токио Олимпиадасындағы жеңілісі туралы

«Қарсылас жерінде ойнағанымыз әсер етті». Шведова Токио Олимпиадасындағы жеңілісі туралы

Теннистен Токио Олимпиадасындағы аралас жұптық сында Ярослава Шведова мен Андрей Голубев жапониялық қарсыластарына есе жіберді. Осы орайда, Шведова Olympic.kz тілшісіне сұхбат беріп, Токиодағы сәтсіздік себебін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz

«Біз соңғы сәтке дейін қарсыластарымыздың кім екенін білмедік. Оның үстіне, ауа райы жағдайына байланысты жабық кортта ойнадық. Мұның бәрі бізге өз әсерін тигізді. Қарсыластарымыз бұрыннан бірге ойнап жүрген спортшылар екен.

Сондықтан, оларға жеңіске жету оңайырақ болды. Әрине, біз де дайындалдық. Біз де тәжірибелі спортшыларымыз. Түрлі комбинацияларды әзірлеп шыққанбыз. Бірақ қарсыластарымыз қанша дегенмен, өз үйлерінде ойнап жатыр. Бұл да әсер етпей қоймайды», - деді Шведова. 

Айта кетелік, Ярослава Шведова жекелей сындағы алғашқы кездесуінде денсаулық жағдайына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартқан болатын. 

ФОТО: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или