Конференция лигасы. «Астана», «Тобыл» мен «Шахтердің» матчтарының тікелей трансляциясы

Конференция лигасы. «Астана», «Тобыл» мен «Шахтердің» матчтарының тікелей трансляциясы

Бүгін, 29 шілдеде, «Астана», «Тобыл» мен «Шахтер» Конференция лигасындағы қарымта матчтарын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Шахтер» - «Стяуа» матчы елорда уақытымен 19:00-де басталады. Ойын Еревандағы «Республикалық стадионда» өтеді. Еске салайық, бірінші матчта қарағандылық клуб румыниялық командадан 0:1 есебімен жеңілген болатын. «Шахтер» - «Стяуа» матчын тікелей эфирде QazSport телеарнасы көрсетеді.

Ал 21:00-да Қостанайда «Тобыл» - «Хайдук» матчы басталады. Бірінші матчта хорватиялық клуб 2:0 есебімен жеңген болатын. Матчтың тікелей трансляциясын QazSport телеарнасынан көре аласыздар.

30 шілдеге қараған түні, 00:30-да «Астана» грекиялық «Ариске» қарсы қарымта матчын өткізеді. Нұр-Сұлтандағы алғашқы матчта алаң иелері 2:0 есебімен жеңген. «Астана» - «Арис» арасындағы қарымта матчты тікелей эфирде «Хабар» көрсетеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или