Олимпиада-2020: медальдар кестесінде Қазақстан 52-орында тұр

Жапония жерінде өтіп жатқан XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының 28 шілдедегі медаль есебінде Қазақстан 52-орынға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін де Қазақстан құрамасының командалық есептегі көрсеткіші жақсарған жоқ. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло қоржынға салған қола медальмен кестенің 52-ші сатысына тұрақтады.
Кешеден бері бұл орынды Қазақстанмен Украина командасы бөлісіп тұр. 28 шілденің қорытындысы бойынша медаль алған мемлекеттердің саны 62-ге жетті.
Командалық есепте медаль саны бойынша әлі де Жапония көш басында келеді. Жарыс иелерінің қоржынында 13 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль бар.
Бүгін АҚШ-ты үшінші орынға ысырған Қытай құрамасы Жапонияны өкшелеп қалды деуге де болады. Еншісінде 12 алтын, 6 күміс, 9 қола медаль бар.
Ал АҚШ 11 алтын, 11 күміс, 9 қола медальмен үштікті түйіндеді.