Басқа

Токио-2020: Денис Ганкин турнирдің бірінші айналымында жеңіліп қалды

Токио-2020: Денис Ганкин турнирдің бірінші айналымында жеңіліп қалды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Денис Ганкин 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында садақ атудан жарыстың 1/32 финалында мысырлық Юссоф Толбадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды prosports.kz.

Жекпе-жек 6:2 есебімен Египет спортшысының пайдасына аяқталды. Енді, Токио Олимпиадасында Қазақстанның екі садақшысы қалды. Санжар Мұсаев пен Ильфат Абдуллин де 1/32 финалда өнер көрсетеді.

Алдын ала жарыстардың қорытындысы бойынша Денис Ганкин 669 ұпай жинап, тоғызыншы орынға тұрақтады. Оның командаластары Ильфат Абдуллин 657 ұпаймен 27-ші, ал Санжар Мұсаев (647 ұпай) 52-ші орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер