Олимпиада-2020. Токиодан хабар
Басқа

Олимпиада чемпионы атанған ең жас спортшы кім

Олимпиада чемпионы атанған ең жас спортшы кім
news-banner7
mobile-news-top

13 жасар жапон қызы Момидзи Нисия Токио Олимпиадасында скейтбордингтен топ жарды.

Ол жазғы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен ең жас спортшылардың тізімінде екінші орынға жайғасты. Рекорд 1936 жылы Берлин Олимпиадасында суға секіруден чемпион атанған америкалық Марджори Гестрингке тиесілі.

Жалпы ойындардың абсолют рекордын кореялық шорт-трекші Ким Юн Ми жасаған. Ол 13 жасында (83 күн) 1994 жылы өткен қысқы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен.

Биыл жазғы ойындардың рекордын бразилиялық скейтбордшы Райсса Лил жаңартуы мүмкін еді. Әлем рейтингінде көш басында тұрған ол Олимпиадада жапон қызына есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты. Райсса Лил 11 жасында әлем чемпионатында екі жүлде алған.

Бір қызығы, Олимпиада бағдарламасына жаңадан қосылған скейтбордингтен бақ сынаған 8 спортшының үшеуінің ғана жасы 20-дан асқан. Оның бірі 34 жастағы америкалық спортшы Алексис Саблоне.

Олимпиада тарихында ең жас чемпион жайлы түрлі деректер бар. 1900 жылы академиялық ескек есуде Марсель Депайе есімді бала чемпиондар қайығында болған. Бірақ ол баланың жасы анықталмаған. Тарихшылар 10 жаста болуы мүмкін деп тұспалдаған.

Токиодан Prosports.kz тілшісі Айбар Рысдәулет

Фото: SurferToday, The Scotsman

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер