Басқа

Олимпиада-2020: 27 шілдеде кімдер жарыс жолына шығады

Олимпиада-2020: 27 шілдеде кімдер жарыс жолына шығады
news-banner7
mobile-news-top

2020 жылғы Токио Олимпиадасының бесінші жарыс күні қазақстандықтар спорттың жеті түрінен сынға түседі, деп жазады Prosports.kz.

Ертең екі таэквондошымыз жүлдеге таласады. Ал боксшылар Абылайхан Жүсіпов пен Василий Левит олимпиадалық турнирді енді бастайды.

Бұлардан бөлек, мерген Денис Ганкин, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, дзюдошы Дидар Хамза және теннисшілерміз өнер көрсетеді. Сонымен қатар, су добынан Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі екінші кездесуін өткізеді.

27 шілдедегі сайыстар кестесі

Таеквондо
Қыздар до +67 келі. 1/8 финал
8:00. Жансель Дениз – Светлана Осипова (Өзбекстан)
Ерлер, +80 келі. 1/8 финал
9:45. Руслан Жапаров – Александер Бахманн (Германия)

Садақ ату
1/32 финал. Ерлер.
9:00. Денис Ганькин - Юсуф Толба (Египет)

Дзюдо
81 келіге дейін
9:50. Дидар Хамза – Саид Моллаи (Моңғолия)

Теннис
Екінші айналым
10:00. Михаил Кукушкин – Илья Ивашкин (Беларусь)
Үшінші айналым
12:00. Елена Рыбакина – Донна Векич (Хорватия)

Су добы
Ерлер. Топтық кезең
11:00. Қазақстан – Сербия

Бокс
1/8 финал. 69 келі
14:15 Абылайхан Жүсіпов – Деланте Джонсон (АҚШ)
91 келі
15:51. Василий Левит – Энмануэль Рейес Пла (Испания)

Жүзу
16:50. 200 м брасс. Ерлер. іріктеу.
Дмитрий Баландин

* Нұр-Сұлтан уақыты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер