Қазақстандық спортшылар Мадридте 9 алтын, 6 күміс, 4 қола жеңіп алды

Испания астанасы Мадридте өтіп жатқан Паралимпиада ойындары қазақстандық спортшылар үшін табысты нәтиже беруде, деп жазады khabar.kz.

Ұлттық команданың штаттық ұлттық командалар дирекциясының бас жаттықтырушысы Наталия Манохинаның айтуынша, спортшыларымыз 9 алтын, 6 күміс, 4 қола медальді жеңіп алған.

«Ендігі мақсат – шілде айында Шотландияның Глазго қаласында болатын әлем чемпионатына, одан кейін келесі жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Паралимпиадалық ойындарға қатысу үшін бақылау нормативтерін орындау»,- дейді Н. Манохина.

Сондай-ақ біздің екі спортшымыз – әлемнің 6 мәрте рекордшысы Зүлфия Ғабидуллина мен Азиялық паралимпиадалық ойындарда 5 алтын медальді жеңіп алған Әнуар Ахметовтың бұл тұрғыдағы нормативтерді орындап қойғаны да көкейге сенім ұялатады.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или