Тағы бір теннисшіміз Токио Олимпиадасының матчын аяқтаған жоқ

Тағы бір теннисшіміз Токио Олимпиадасының матчын аяқтаған жоқ

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова бірінші айналымда аустралиялық Айлы Томляновичке қарсы матчты аяқтамай, Олимпиада ойындарында жекелей сындағы жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Шведова 5-7, 2-3 есебімен жеңіліп жатқанда матчты жалғастырудан бас тартты. 

Ярослава Токиодағы матчтарын аяқтамаған үшінші теннисшіміз болып отыр. 

Еске салайық, бұған дейін Зарина Дияс пен Юлия Путинцева да матчын аяқтамаған болатын. 

Фото: Сали Сәбіров, olympic.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или