Басқа

Олимпиадалық ауылдағы акция: спортшылар жанкүйерлерге алғыс айтты

Олимпиадалық ауылдағы акция: спортшылар жанкүйерлерге алғыс айтты
news-banner7
mobile-news-top
Олимпиадашылар команда жанкүйерлеріне сәлем жолдады. Спортшылар балалардың салған суреттері бейнеленіп, тілектері жазылған жейделерді сыйлыққа алған болатын. Бұл арнайы сый олимпиадашылардың көңілін көтеріп тастағаны анық деп жазады Olympic.kz.

Суреттер ҰОК Олимпиада күні мен Балаларды қорғау күніне орай өткізген «Олимпиадаға Қазақстан командасымен бірге» байқауына қатысушыларға тиесілі. Байқауға қатысу үшін 200-ден аса балақай өз жұмысын жіберді. Ең кішкентай қатысушы 4 жаста.

Жейденің дизайнын дайындау үшін еліміздің әр аймағындағы балалар үлес қосты. Ал принттің дәл ортасында олимпиада шығыршығы композияциясын қайталайтын бес балалар алақанының ізі тұр.

Біздің олимпиадашылардың ең шынайы жанкүйерлері – балалар. Олардың суретте көрсеткен энергиясы мен сенімі елден жырақта жүрген спортшылар үшін үлкен қолдау болары сөзсіз.

«Балалардың бұл сыйлығы бізге үлкен қуаныш сыйлады. Спортшылар үшін Олимпиада кезінде қолдау сезінуден артық бақыт жоқ. Қазіргідей жанкүйер жарысқа жіберілмейтін кезде бізге демеу аса қажет», - дейді каратэші Софья Берульцева.

«Бізге тілек жазып, сурет жолдаған барша балақайларға алғысымды айтамын. Сурет өте көп және бәрі де әдемі. Барлық қатысушының суреті жейдеге сыймаған шығар, бірақ, біз сіздердің қолдауларыңызды сезінеміз. Сіздерге көп рахмет! Сіздер үшін бар күшті салатынымызды ұмытпаңыздар», - деді боксшы Әбілхан Аманқұл.

Токио Олимпиадасы 23 шілде күні ресми түрде ашылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер