Басқа

Қазақстандық әртістер Токиодағы олимпиадалық командаға ән арнады

Қазақстандық әртістер Токиодағы олимпиадалық командаға ән арнады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық әртістер Токиода өткен Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшыларды қолдайтын ән мен бейне ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК-қа сілтеме жасап.

Аты аңызға айналған Роза Рымбаева, әйгілі композитор Ренат Гайсин, Ninety One тобы, Марсель, Али Оқапов, Айдана Меденова, Қарақат Башанова, Дина және Мәди Сыздықов олимпиадалық құраманы қолдау мақсатында «Арнау» әнін орындады. Ән Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің әнұранына негізделген, оның музыкасын Ренат Гайсин мен мәтінін Мирас Қадырмұрат жазған болатын.

Олимпиадашыларға арналған әнде ҰОК әнұранының хоры да қолданылады. Олардан басқа «Арнау» музыкасына Али Оқапов, Батырхан Маликов, Данияр Кулимшин, Азамат Ашмакын атсалысты. Мәтінді Данияр Өтеген, Дулат Мұхаметқалиев, Алексей Маклай жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер