«Шымбұлақта» тау шаңғысынан «ЭлитСтрой» кубогы өтті

«Шымбұлақта» тау шаңғысынан «ЭлитСтрой» кубогы өтті

«Шымбұлақ» курортында әуесқой спортшылар арасында тау шаңғы спортынан «ЭлитСтрой» кубогы сарапқа салынды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«ЭлитCтрой» компаниясы тау шаңғы спорт түрлерін дамыту мақсатында, әуесқой спортшылар арасында «ЭлитCтрой» кубогы жарысын ұйымдастырды. Турнирге жалпы саны елуге жуық спортшы қатысты. Арасында кішкентай балалар мен әйелдер де болды. Сайыстың қорытындысы бойынша, балалар, әйелдер мен ерлер арасында жеңімпаздар анықталды. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне «ЭлитСтрой» компаниясы медаль, грамота мен кубоктарды табыстады.

«Алдымен, әйелдер қауымын халықаралық әйелдер күнімен құттықтағым келіп тұр. Жарысқа қатысқан барлық спортшыларға алғысымды айтамын. Біздің ең басты мақсатымыз - тау шаңғы спорт түрлерін насихаттау мен оны дамыту», - деді жарыстың ұйымдастырушысы әрі демеушісі Бекзат Сарманов.

«Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Өз басым мұндай турнирлер жиі өткенін қалаймын. Себебі, қазіргі таңда тау шаңғы спортына аз көңіл бөлінуде, соның кесірінен қысқы спорт турлерінен Олимпиада чемпиондары мен әлем чемпиондарымыз өте аз. Осы жарысты ұйымдастырған Бекзат Қазыұлына үлкен рахмет. Осындай жарыстар жиі өтсе ғой деп тілеймін», - деді жарыстың бас төрешісі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или