Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 16 мамырда өтеді

WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, WBC аталымының уақытша чемпионы белбеуінің иегері отандасымыз Геннадий Головкин рингке 16 мамырда оралады. Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер мәлімдеді.

Леффлер BoxingScene.com сайтына берген сұхбатында: "Біз ұстап алған импульстің негізінде, оның белсенділігін сақтай отырып, АҚШ-қа оралуды жоспарлап отырмыз. Кездесу 16 мамыр күні Лос-Анджелесте өтуі мүмкін. Жекпе-жекті HBO телеарнасы көрсетеді деп ойлаймын", - деді.

Жерлесіміздің қарсыласы әзірге белгісіз. Бірақ, Головкиннің бапкері Абель Санчес Вилли Монро, Туреано Джонсон және Хорхе Хэйланд сынды боксшылардың бірі қарсылас атануы мүмкін деген болатын.

Леффлердің айтуы бойынша, Головкин 2015 жылы төрт кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Оның алғашқысы 22 ақпан күні Монте-Карлода британдық боксшы Мартин Мюррейге қарсы өтіп, отандасымыз айқын жеңіске жеткен еді.

Геннадий Головкин кәсіпқой бокста 32 кездесу өткізіп, оның 29-ын нокаутпен аяқтады. 19 жекпе-жегін қатарынан нокаутпен аяқтаған жерлесіміз, әлем таныған әйгілі Майк Тайсонның рекордын қайталады.

Массагет.кз сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или