Токио Олимпиадасында алғашқы жарыс басталды

Токио Олимпиадасында алғашқы жарыс басталды

Токиода Олимпиада аясындағы алғашқы олимпиадалық жарыстар басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Фукусимадағы стадионда Австралия мен Жапонияның әйелдер софтбол командалары бастады. Ойындардың ашылу салтанатының өзі 23 шілдеде өтеді, бірақ дәстүр бойынша кейбір жарыстар Олимпиаданың ашылуына дейін басталады.

Софтбол 1996-2008 жылдар аралығында Олимпиада бағдарламасына кірді. АҚШ құрамасы үш алтын, ал бір рет турнирде Жапония топ жарды. Бұл спорт түрі 2024 жылы Парижде өтетін келесі жазғы Олимпиадада жарыс бағдарламасына енбейді .

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или