Владимир Белоногов: Токиодағы жарыс өтетін жер біз үшін таңсық емес
Академиялық есуден Қазақстан командасының мүшесі Владислав Яковлев Токио Олимпиадасында алғаш болып бақ сынайтын спортшылардың қатарында. Себебі, аталған спорт түрінен іріктеу бәсекелері 23 шілде күні басталады. Команда бас бапкері Владимир Белоноговтың айтуынша, спортшы төртжылдық додасына үлкен дайындықпен келген деп хабарлайды Olympic.kz.
«Академиялық есуден бір ғана спортшыға үміт артамыз. Ол – Владислав Яковлев. 23 шілде күні бәсеке басталды. Кеше ол олимпиадалық ауылға жайғасты. Сондықтан, климатқа бейімделу туралы нақты ештеңе айта алмаймын.
Біздің спортымызда бәсекелестік деңгейі өте жоғары. Академиялық есуді нөмірі бірінші спорт түрі санайтын Еуропа елдері көп. Сондай-ақ, АҚШ, Жаңа Зеландия мен Австралия да бар.
Жарыс өтетін каналды біз жақсы білеміз. Іріктеу турнирі сол каналда өткендіктен, Владиславқа бұл қиын соғады деп ойламаймын. Жапонияға қатысты кейбір ерекшеліктерге де қанықпыз. Спортшымыздың қарқыны жақсы», - дейді бас бапкер.