«Ақтөбе» шабуылшысы Сергеев «Тобылға» ауысты. Қостанайлық клубта легионерлер лимиті толып тұр

«Ақтөбе» шабуылшысы Сергеев «Тобылға» ауысты. Қостанайлық клубта легионерлер лимиті толып тұр

Meta-ratings.kz мәліметінше, Өзбекстан құрамасы мен «Ақтөбенің» шабуылшысы Игорь Сергеев қостанайлық «Тобылға» ауысты.

28 жастағы форвард Сергеев «Ақтөбе» сапынан кетіп, Қостанайға ұшқан. Жақын арада ол келісімшартқа қол қояды. Демек, «Тобыл» сапынан таяуда легионер кетеді, себебі Сергеев командада тоғызыншы легионер болады. Не болмаса, клуб басшылығы тоғызыншы легионер үшін 35 миллион теңге төлейді. 

Айта кетейік, бұған дейін «Тобыл» сапынан француз Жереми Манзорро кететіні хабарланған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или