Дохада таеквондодан (WTF) халықаралық турнир өтуде

Наурыз айының 6-9 аралығы Катар астанасы Доха қаласында таеквондодан (WTF) «1st Qatar International Open 2015» халықаралық турнирі өтуде. G-1 дәжересіндегі жарыста 400-ден астам әлем үздіктері бақ сынайтын болады.

Жарыстың алғашқы күні 49, 57, 67 келеге дейін және 67-ден жоғары салмақ дәрежесіндегі әйелдер және 54, 63, 74 келеге дейін және 87-ден жоғары салмақтағы еркектер сынға түседі.

Дохада бәсекеде ел намысын 8 спортшы қорғауда. Олардың арасында «Eagle» жобасының үздік таеквондошылары Нұрсұлтан Мамай мен Қайрат Сарымсақов және де таеквондодан Қазақстан Ұлттық құрамасының кеңесші-бапкері, корей маманы Ю Енг Джин командасының 6 спортшысы бар.

Бас жаттықтырушы Мұстахим Қабдрашевтің айтуынша, Ұлттық құрама Катарға жақсы нәтиже көрсету үшін аттанды. Сондай-ақ, бас бапкер Әлем біріншілігінің алдында өтетін әрбір жарыстың маңыздылығы зор екенін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 2 айдан кейін Ресейдің Челябі қаласында таеквондодан ересектер арасында Әлем чемипионаты өтеді.

Kazsport.kaztrk.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или