Голубев пен Недовесов жұбы италиялықтарды жеңе алмады

Голубев пен Недовесов жұбы италиялықтарды жеңе алмады

Дэвис Кубогының алғашқы айналымы аясында Қазақстан мен Италия құрамалары арасындағы кездесулердің екінші күні аяқталды.

Жарыс Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтуде. Турнирдің екінші күні алаңға Қазақстан атынан Александр Недовесов пен Андрей Голубев, ал Италия құрамасынан Фабио Фоньини мен Симоне Болелли жұбы шықты.

Ойын өте тартысты басталды. Бірінші сеттің тағдыры тай-брейкте шешілді. Онда италиялықтар жақсы ойын көрсетіп, тай-брейкте 4:7 есбімен жеңді.

Екінші сетте қарқынды үдеткен италиялық теннисшілер 3:6 есебімен ұтты. Осылайша екі сетте 0:2 есебімен жеңіліп жатқан қазақстандық ойыншылар үшінші кезеңді тай-брейкке жеткізіп, онда 15:13 есебімен ұтты. Алайда соңғы төртінші сетте 4:6 есебімен ұтылып, жеңіске жете алмады. Қорытынды есеп – 1:3 (6:7, 3:6, 7:6, 6:4).

Осылайша Дэвис Кубогының 1/8 финалындағы Қазақстан-Италия арасындағы серияда есеп 1:2-ге жетті. Әзірге италиялықтар алда.

Осыған дейін Михаил Кукушкин Симоне Болеллиді ұтса, Андрей Голубев Андреас Сеппиге есе жіберген еді.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Италия теннисшілерінің арасындағы барлық ойынды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Көрсетілім кестесі:

8 наурыз:

13:50. Михаил Кукушкин — Андреас Сеппи

16:30. Андрей Голубев — Симоне Болелли.

Kazsport.kaztrk.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или