Елена Рыбакина: Токиода үлкен доданың болатыны бірден байқалады
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасына дайындықтың қалай өтіп жатқанына тоқталып, Олимпиададағы басты міндеттері жайлы айтты.
«Олимпиадаға дайындық жоғары деңгейде жүріп жатыр. Көбіне физикалық дайындыққа көңіл бөлудемін. Хардқа да үйреніп келе жатырмын. Әзірге, Олимпиада алдындағы аздаған қарбалас байқалады. Бірақ ереже мен тәртіпті көп ескеру қажет. Менің үнемі қатысатын жарыстарымнан өзгеше екенін аңғару қиын емес.
Тенниске берілген бір аптаның ішінде жекелей сында да, жұптық сында да өнер көрсетеміз. Токиода күн ыстық, климатқа бейімделу де көп уақыт алады. Десе де, өз өзімізге келу үшін уақыт жеткілікті деп ойлаймын. Әрбір жарысқа аттанар алдында жеңіске жету туралы ойлаймын. Олимпиада жайлы ойым да солай.
Қазақстандық теннисшілердің мүмкіндігі бар. Менің қалай ойлайтынымды болжау қиын. Бірақ өзімнің дайын екенім анық. Ең бастысы – денсаулығым сыр бермей, күтпеген жағдайлар орын алмаса екен», - дейді Рыбакина.