Юлия Путинцева: Токио Олимпиадасының басталуын асыға күтіп жүрмін
Юлия Путинцева Токио Олимпиадасында теннистен ел намысын қорғайды. Федерацияның баспасөз қызметіне сұхбат берген спортшы Олимпиада алдындағы жоспарларымен бөлісті деп жазады Olympic.kz.
«Бұл мен үшін жаңа дүние. Оның үстіне, Жапонияны жақсы көремін. Ол жақтағы мәдениет жоғары, тағамы да дәмді. Жапон жерінде болған сайын сол елге сыйластығым артатын. Әрине, жапон жанкүйерлерінің болмайтыны өкінішті. Өйткені, олардың алдында ойнаудың өзі өте ерекше нәрсе. Олар спортты жақсы түсінеді.
Спортшыны жігерлендіріп, қалай қолдау көрсету керектігін де жоғары деңгейде меңгерген. Тіпті, қай кезде қол соғу қажеттігін де жақсы біледі. Десе де, Олимпиада ойындарын асыға күтіп жүрмін. Бұл үлкен спорттық мереке», - дейді Путинцева.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или