Каратеші Асқар Молдағали: Олимпиада қарсаңында барлық қарсыласты жіті зерттедік

Каратеші Асқар Молдағали: Олимпиада қарсаңында барлық қарсыласты жіті зерттедік

Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері Асқар Молдағали спортшылардың Олимпиада алдындағы соңғы дайындық кезеңі қалай өткенін мәлімдеді деп жазады Olympic.kz.

"Каратэшілер тұңғыш Олимпиадасына қатысуға тас-түйін дайын. Мүмкін болған жаттығулардың бәрін орындадық. Дайындығымыз жоғары деңгейде. Соңғы жаттығу жиынында техникалық-тактикалық жұмыстарға көп көңіл бөлдік. Әсіресе, тактика жағына ерекше мән бергенімізді жасырмаймын.

Әр салмақтағы қарсыластарды зерттедік. Видеоматериалдармен жұмыс істедік. Мұның бәрі біз үшін аса маңызды. Спаррингтік кездесулерді де ұмытқан жоқпыз. Спортшылардың көңіл-күйі керемет. Ең бастысы - жарақаттан аманбыз.

Бүгін спортшылар Токионы бетке алады. Жапонияда жарыс басталғанға дейін тактиканы жетілдірумен айналысамыз", - дейді бас бапкер.

Айта кетелік, Токио Олимпиадасындағы каратэшілер додасы 5 тамызда басталады.

Қазақстан намысын Олимпиада ойындарында бес каратэші қорғайды.

Олар: Дархан Асаділов, Данияр Юлдашев, Нұрқанат Әжіқанов, Софья Берульцева және Мөлдір Жаңбырбай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или