Әлем кубогы: Қазақстандық шахматшылар екінші айналымды сәтті бастады

Әлем кубогы: Қазақстандық шахматшылар екінші айналымды сәтті бастады

Сочиде өтіп жатқан шахматта әлем кубогында ерлер мен әйелдер арасында екінші айналымның алғашқы ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ерлер арасындағы турнирдің 1/64 финалының бастапқы ойында қазақстандық гроссмейстер Ринат Жұмабаев ресейлік Александр Мотылевты ақтармен жеңді.

Әйелдер арасындағы сайысты Қазақстанның халықаралық шебері Динара Садуақасова да америкалық Ю. Дженнифердан басым түсті. Ал Жансая Әбдімәлік отандасы Бибісара Асаубаеваға жол берді.

Әлем кубогының екінші айналымындағы екінші ойындар 16 шілдеде өтеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша тең түскен жағдайда 17 шілдеде қысқартылған уақыт кестесімен тай-брейк өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или